Жылжымайтын мүліктің нарықтағы бағасы өсе береді, өйткені қазақтандықтар үшін оған балама ештеңе жоқ. Бұл туралы банктік нарық бойынша тәуелсіз сарапшы Бота Жұманова сұхбаттасу барысында айтты.
Оның айтуынша, Қазақстандағы жылжымайтын мүлік нарығы төменге құлдырап, осымен нешінші жыл жоғары өсімге ұмтылып жүр.
«Таяқтың екі ұшы болады, дегендей қолжетімді баспана бағдарламасының да екі ұшы бар. Бір жағынан нарыққа ақша кіреді, екінші жағынан бұл ақшалар нарықтағы бағаны көтеріп жібереді», -дейді ол.
Сонымен қатар ол, еліміздегі жылжымайтын мүліктің нарықтағы бағасы өсе беретіндігін, өйткені қазақтандықтар үшін оған балама ештеңе жоқ екендігін айтады.
«Депозиттегі доллардың мөлшерлемесі күлкілі әрі ол ешкімге қызықты емес. Біртіндеп девальвация жүріп жатыр, бағалы қағаздар нарығы жоқ. Сондықтан тек кірпіш қабырғаларды таңдау қалады. Девальвациялық секіріс болған сайын адамдар қаражаттарын жылжымайтын мүлікке сала бастайды. Бұл үй тұрғызушылар үшін оңынан болып отыр», -дейді сарапшы.
Сарапшының айтуынша, түрлі бағдарламаны қаржылай сауатты қазақстандықтар пайдалана түспек, яғни несиелік тарихы жақсы адамдар жылжымайтын мүлікті әрі қарай жалға беру үшін ала түседі.
Дәл қазір жылжымайтын мүлік алуға асығу керек пе?, деген сұрағымызға сарапшы: «барлығы жағдайға байланысты, адамдардың тұрақты жалақысы мен жұмысының болуына қарай», - деп жауап берді.