Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, дүйсенбі күні таңертең шахта шұңқырына 1771 текше метр бетон қоспасы құйылған.
Жұмысқа Риддер-Сокольный кенішінің 15 қызметшісі жұмылдырылған.
Тәуекелдік аймағында 12 үй, 1 дүкен, 4 жер телімі бар.
«Қазцинк» ЖШС қонақүй кешеніне эвакуацияланған 25 адам орналастырлыған, оның бесеуі балалар.
4 сәуір күні Риддер-Соколный кеніші ауданындағы шахтада пайда болған шұңқырға жекеменшік үй құлап кеткен болатын. Құрбан болғандар жоқ.