Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, шенеунік өз үйінде күтуші болып жұмыс істейтін төрт адамға мемлекет есебінен жалақы төлеп келген көрінеді.
«Бірнеше ай бойы төрт жұмысшы аудан әкімі аппаратында қызметке тіркелген. Салдарынан мемлекетке 668 мың теңге шығын келтірілді», - делінген хабарламада.
Жемқорлық қылмыс мәселесі қаржы полициясының ұсынысымен облыстың тәртіптік кеңесінде қаралды. Кеңес мүшелерінің басым бөлігі оны жұмыстан босатуды қолдады.