Бұл туралы ол Instagram-дағы stories-де бөлісті, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Өмірімнің жаңа бөлімі осы кезден басталды. Әкеміз айтқандай Канаданың орнына, ВХУ-ға оқуға түстім. Ол не десем, Высшее хоз, училище екен. Анамыз көбінесе жұмысы бойынша Алматыда болғандықтан, үй шаруасының қағидаларын атамыз түсіндірген. Тазалықты қатты ұстайтын, тамақты қазақи және тек қолдан жасалғанын ұнататын. Басында сәл қиын болатын (оған қоса қазақшам да онша емес болды). Косяктарым көп болды, бірақ ешқашан ұрыс естімедім. Бәрінде жұмсақ жеткізген ата-анама алғысымды білдіремін. Көп нәрсеге пыстым. Ойым да көп нәрселерге өзгерді. Сол кезде жылдам қазақ тілді меңгеруді бастадым. Психологиядан көп курс өттім (әсіресе психология қатынасы, рецепттер) студент кезінен әдет", - деп жазды Әйгерім Саркенова.