«Үйдегілермен сөйлестім» Ғаділбек Жаңай отбасынан алыстап кеткенін айтты

Бұл туралы Caravan.kz  медиа-порталы Shownews.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Мен ойлаймын, бұл карантиннің жақсылығы, жаңағы бір әзіл болды ғой: «Үйде вай өшіп қалып еді, үйдегі адамдармен сөйлестім, былай қарасам жақсы адамдар екен» деген секілді. Жаңағы маған да солай көрініп жатыр, шынымды айтқанда. Жақында туған ағаммен сөйлесіп жатсам, ағам айтады: «Ой, рахат болды ғой, сенімен сөйлесіп, кез-келген уақытта телефон шалып, сенімен сөйлесе алатындай жағдайға жеттік» – деді. Ағай-туыстармен, бауырларымызбен, жанұямызен жақын араласуымызға бір-бірімізді күнделікті өмірде, ақша деп, дүние деп, мансап деп, атақ деп бізді жақсы көретін адамдардан қатты алыстап кеткенімді мен өзім шын жүрегіммен айтайын, байқадым”, – дейді Ғаділбек Жаңай. 

Жастардан ағалық ақылын аямаған Жаңай өзінің мектеп қабырғасындағы кумирін де еске алды. Осыдан 30 жыл бұрын бала Ғаділбекке Ақжол Мейірбеков бата берген көрінеді.

“Республикалық жұлдыз Ақжол көкеміз келіп концерт беріп жатыр. Екі-үш ән айтып болды да: «Ой сендер қошемет жасап білмейді екенсіңдер, мен кеттім, ренжіп қалдым» деп әзілге айтып тұр екен ғой. Біздер «көке, көке, кетпеңіз, ойбай көке, Ақжол көке!» – деп жатырмыз. Сонымен: «қошемет жасайсыздар ма?» – деп қояды, «ойбай, иә, иә, көке, жасаймыз!». Қайтып келді, сөйтсек әзілдеп жатыр екен ғой. Сол кезде айтқан әңгімесі есімде: «Осы балалардың ішінде болашақ ғалымдар болуы мүмкін, спортшылар мен әншілер болуы мүмкін» деді. Мүмкін кім біледі, маған батасы дарыған да шығар деп ойлаймын”, – дейді әнші Ғаділбек.