Үйден ем аламын деп, уақытты өткізіп алдым - Саят Медеуов (ВИДЕО)

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Әнші өзіне жанашырлық, аяушылық танытқанды емес, сақтануды ескерткенін жазды: 

"Ассалаумағалейкүм құрметті ағайын! Баршаңызға тілерім ауырмаңыздаршы! Жылы жүріңіздер, имуниттеттеріңізді түсірмеңіздер. Қалай ауырғанымызды білмей қалу қаупі қатты. Тез өршиді екен.
Қазіргі таңда емдеуге болады, тек үйден ем аламын деп, уақытты өткізіп алдым. Осы дерттен айығуыма үлкен себепкер болған Қалқамандағы N 1 қалалық клиникалық емхананың ақ халатты абзал жандарына алғысым шексіз.
Ертерек емханаға жүгініп анализ арқылы ем жасаған дұрыс деп ұқтым.
Жанашырлық сезімдеріңізді ояту үшін емес, басымнан өткенді жазып, емделіп шыққанымды айтып сіздерге де пайдасы болса екен дегім келді. Ойым қате болса кешіріммен қараңыздар, Еліміздің басына түскен осы нәубет мәңгіге жоқ болуына тілектеспін! Ауырмаңыздаршы!".