Тұрмысқа шыққанына 3 ай ғана толған келіншек енесінің адам сенгісіз әрекеттерін Instagram желісіндегі «Әйел бақыты» парақшасына бөлісті, деп жазды sn.kz
Қазіргі уақытта келіншек жүктіліктің 10 аптасында екен. Енесі бақсы-балгер, құмалақшы дегендерге қатты сенетін адам көрінеді.
Оның ойынша, енесі күйеуі екеуінің ажырасқанын қалайды. Орталарына түсу мақсатында әртүрлі көріпкелдердің есігін жағалап, үйге келіп біртүрлі қылықтар көрсетіп жүргенін аңғарған.
«Менің анам бір емші, көріпкел кісіге звондап сұрағанында ол кісі «Енесі сіздің қызыңызды дуалап отыр» деген екен. Араларын суыту үшін депті. Енем көріпкел ме, құмалақ ашатын кісіге көп баратын және үйді іш киімімен аластайтын. Бір күні сол құмалақшы кісіге барып маған алтын сақина берді. «Саған көз тимесін, тастамай тағып жүр» деп.
Менің тұрмыс құрғаныма 3 айдай ғана болды. Аяғым ауыр 10 аптадай. Күйеуім ажырасамын деп отыр. Бірақ мені жақсы көретінін айтады. Мені үйден қуып шықты. Баланы алдырып таста дейді. Ажырасу себебін нақты айтпайды.
Менің ешқандай артық қылығым жоқ, қызметімді істеп отырдым. Осы болып жатқан оқиғаға дұғаның қатысы бар болуы мүмкін» - деп жазған ол.
Отбасын сақтап қалуға ұмтылған жас келіншек енді не істерін білмей, көпшіліктен ақыл-кеңес сұрап отыр.