Бұл туралы 24.кз хабарлады.
Ол кәсіпкердің әкімшілік жауапқа тартылмауына және жеке бизнесін емін-еркін жалғастыруына жағдай жасаймын деп уәде берген. Ал Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Әлмағанбетов бөлім жетекшісімен жең ұшынан жалғасып, арам пиғылын жүзеге асырған. Олар кәсіпкерден 200 мың теңге пара алған. Қызылордалық мемлекеттік қызметкерлер қылмысын мойындады. Қазір осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.