«Астрахан облысының Ахтубинский ауданында қуатты әуе бомбасы зиянсыздандырылды», - деп хабарлады «Интерфакс» агенттігіне Ресей ТЖМ Бас басқармасының аймақ бойынша баспасөз қызметінің басшысы Дмитрий Дубровский.
«Бүгін Верхний Баскунчак кентінен 5 шақырым жерде Екінші Дүниежүзілік соғыс кезіндегі немістің ФАБ-50 әуе бомбасы жойылды. 8 сәуір күні бомбаны Советская көшесіндегі үйде тұратын жергілікті әйел тауып алған. Пәтер жалдаушылары үйді босатқан соң оны жинауға кіріскен әйел бомбаға тап болды», - деді Дубровский, бомбаның салмағы 50 келіні құрағанын нақтылап.
Алдын ала шамалау бойынша, бомбаны әйелдің пәтерін жалдаушылар тапқан. Олар мұны металл сынықтарын тапсыру орнына өткізбек болған.