Жараланған бозбала жансақтау бөлімінде жатыр. Полицияның мәліметінше, мойнынан жарақат алған ол Қытайда білім алып жүрген. Шымкентке бір айға демалысқа келіпті. Ал, оқ жаудырған Тойота Карина маркалы көліккке іздеу жарияланып, көп ұзамай қожайыны табылды. Иесі Шымкенттегі колледждердің бірінде оқиды екен. Жарақат алған студентті ол бұрыннан танитын болып шықты.