Үйінен шығарылуға байланысты он күн бойы аштық жариялап жатқандарды әкімшілік жауапкершілік жүктеледі деп қорқытуда

Бүгін өзінің атын атағысы келмеген прокуратура қызметкері аштық жарияланған Әль-Фараби - Розыбакиева - Қожабеков - Гагарин көшелерінің тұрғындарына үйдің маңындағы аумақта журналистер үшін брифинг өткізуге кедергі жасамақшы болды.

"Сіздердің іс әрекеттеріңіз қала әкімдігінің рұқсатынсыз өткізілгендіктен, бұл заңсыз болып есептеледі. Ұйымдар тәртіпті бұзып, шеру наразылықтары мен жиналыстар өткізетін болса, олар әкімшілік және қылмыстық жауапқа тартылады. Бұл акцияны шұғыл түрде тоқтатып, осы жерден кетуді талап етемін. Барлық ұйымдастырушылар әкімшілік жауапқа тартылатын болады ", - деп мәлімдеді ол брифинг басында.

Ал аштық жариялағандардың айтуынша, бұл қала билік өкілдерінің олардың акциясына бірінші рет назар аударуы. Он күн ішінде не әкімдік өкілдері, не мемлекеттік коммуналдық "Алматыжер" кәсіпорны аштық жариялағандармен келіссөздер жүргізуге келмеді. Сонымен бірге аштық жариялағандар қала әкімінің орынбасары Виктор Долженковтың қабылдауына жазылу әрекетінен де ештеңе шықпады. Аталған көше тұрғындары қабылдау кезегіне де қойылмады.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, қала әкімдігі мемлекеттің қажетіне деп бұл көшелердің тұрғындарын көшіру жөнінде қаулы шығарды. Оларға өтемақы ретінде 40 - 50 мың доллар ақша ұсынылды, яғни бұл жөндеу жұмыстары жасалмаған шет жақтағы аудандарындағы бір бөлмелі пәтер құны.

"Алматыжер" МКК бұл адамдарды үйлерден мәжбүрлеп көшіру жөнінде сотқа арыз берді. Оған жауап ретінде үйлерінен қуылғандар аштық жариялады. Алайда, он күннің ішінде жағдай өзгерген жоқ.

"Біздерге пәтерлер таңдау жөніндегі құжаттарды әкеліп берді. Алайда ол жерлерге хабарласқанымызда риэлторлық компаниялар бізбен сөйлеспей, "Алматыжермен" жұмыс істемейміз деді. Ал кейбіреулерімен келіскенімен, олар көрсеткен пәтерлер жарамсыз болып шықты. Біз пәтерге барып көріп едік, кешіріңіз, онда тіпті дәреттің иісі алып кеткен. Бұл иісті шығару үшін қанша жыл керек екені білгісіз. Міне бізге осындай пәтерлерді ұсынып отыр. Үш бөлмелі үй мен кішкентай жер телімінің иесі Галина Волковаға баспананы екі бөлмелі пәтерге ауыстыру ұсынысы жасалып отыр", -деді аштық жариялағандардың өкілі Сергей Дмитриев.

Ол айтқанындай, бүгіннен бастап аштық жариялағандардың талаптары қатаңдатылады. Олар барлық арыздарды қайтарып, содан кейін ғана құрылысшылармен келіссөздер жүргізетін болады. "Қалған барлық талаптарды біз қалдырдық, бірақ олар екінші кезекке қойылды", - деп түсіндірді С. Дмитриев.

Сонымен қатар аштық жариялағандар хабарлағанындай, билік және күш құрылымдары оларға қысымшылық жасап отыр. Мысалы, аштық жарияланғалы ауданда ұялы байланыс өшірілуде. "Жедел көмек қызметін шақыру үшін бір талай жерге барып хабарласуға мәжбүрміз ", - деп хабарлады С. Дмитриев.

Аштық жариялағандар Қазақстанның саяси партиялары мен қоғамдық ұйымдарынан көмек сұрады. Кейбір қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялардың өкілдері аштық жариялаған тұрғындармен бірлесе отырып, аудан тұрғындарына қатысты сотқа берілген арыздарды қайтарып қана қоймай, жалпы Алматы қаласының бұрынғы әкімдері болған Иманғали Тасмағамбетов пен Виктор Храпуновтың құрылысшыларға бұл жерлерді бөлудің заңдылығын тексеруді талап етуде.

Қазіргі кезде жоғарыда аталған ауданда аштық ретінде өткізіліп отырған наразылық акциясына 9 адам қатысуда. Оның екеуі денсаулығына байланысты аштықты тоқтатты.