✔️ Бесінші.
Қыз да, жігіт те жоғарыда айтылғандай, талабы тым қатты, мақсаты бұлыңғыр болмаса да, Алланың қалауымен бір-бірін жолықтыра алмай жүреді. Өз теңін табу жолында біраз кедергілерге ұшырайды. Бұл- тағдыр. Бәлкім, дәл қазір сізге үйлену пайдасыз, қайырсыз болып тұрған шығар? Бәлкім, Алла сіздерді отбасылық өмірге әбден дайындап, пісіріп алғысы келген болар? Бәлкім, дәл сол кезде үйленіп кеткенде онымен жараса алмай, ажырасып кетер ме едіңіз, кім біледі?! Болашақтың, ғайыптың кілті қолында болған, құлына жақсылық қалаушы Мейірімді Алла сізді сол бір бақытсыздықтан құтқарып қалған болар?
Ақиқатында, бізге ненің қайырлы және оның қай кезде жақсы болатынын Алла жақсырақ Білуші.
Сондықтан үйлене алмай жүрсеңіз, жоғарыда айтылған ескертулерді ескере отырып, қам жасауға кірісіңіз. Сіз өз тарапыңыздан амалын жасаңыз, қалғанын Аллаға тапсырыңыз. Алла - бәрін Реттеуші, Көруші, шексіз Сыйына бөлеуші!
Ақпарат көзі:
АСЫЛ АРНА