Үйлену тойынан кейін пәктігін дәлелдей алмай, ақыры өзіне қол салған

Тәжікстандағы Восей ауданының тұрғыны Рәжабби Хұршед үйлену тойы өткеннен кейін көп ұзамай өзін өлтірген. Милициядағылардың айтуынша, осы қайғылы оқиғаның алдында оны пәк болмай күйеуге шықтың деп кінәлапты, деп жазады Ozodi.org.

Ал Рәжабби күйеуі Зафар Пировты той болатын күні алғаш рет көрген екен. Неке түнінен кейін Зафар одан бұған дейін де жігітпен болған деп күдіктенеді.

Рәжабби Хұршедтің той болған күні түскен суреті

Сөйтіп, күйеуі Рәжаббиді Душанбедегі дәрігерлерге апарған. Ал дәрігерлер келіншек тойға дейін пәк болған деп ұйғарым жасайды. Бірақ олар Зафарды әуелгі ойынан айныта алмаған. Тіпті ол әйелін қышлағына апарып, үйіне қамап тастапты.

Рәжабби өзіне қол салар алдында қоштасу сөзін бейнекамераға түсірген. Содан кейін келіншек уксус ішкен. Ауруханаға жеткізілгенімен, оны дәрігерлер аман алып қала алмады.