"Нақты мерзім белгіленіп, есептегіш құралдарды пайдалана отырып субъектілермен есептесін отыратын тұтынушылар көлемін ұлғайту жөніндегі жұмыстарды жандандыру жағдайы бүгінгі кезде мәз емес", - деп мәлімдеді Н. Алдабергенов.
Ол еске салғанындай, "Табиғи монополиялар туралы" заңына сәйкес есептегіш құралдар 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін қойылуы тиіс. 2008 жылдың 1 сәуіріндегі жағдаймен Алдабергеновтың мәліметтері бойынша, республика бойынша үйге қойылатын жылу қуатын есептегіш құралдарымен қамтамасыз ету көрсеткіші 14 пайызды құрайды. "Аумақтардың көпшілігінде орнатылған құралдар 2 - 3% құрайды", - деп атап өтті ол.
Суық суды есептегіш жеке меншік құралдары 57 пайызға қамтамасыз етілген болса, ыстық суға орнатылған жеке есептегіш құралдары 52% құрайды.
Н. Алдабергенов атап өткеніндей, ТМРА жасаған сараптық қорытындылары бойынша "төлемдер көлемі 20-40 пайызға дейін төмендеп, тұтынушылар үшін тиімді болады".