Үйлерге жалпы орнатылатын жылу қуатын есептегіш құралдары жылу төлемдерінің 20 пайызын үнемдейді-Табиғи монополияны реттеу агенттігі

"Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2008 жылдың 1 сәуірінде жылу қуатын есептейтін жалпы құралдар 24,2 %, жеке меншік ыстық суды есептейтін құрал -59,6 %, ал суық судың жеке есептегіш құралдары 43,3 % жабдықталған", -деді Н. Алдабергенов.

Н. Алдабергеновтың сөздері бойынша, "2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап коммуналдық қызмет үшін төлемдер есептегіш құралдары бойынша алынатын болады. Ал ондай құралдар болмаған жағдайда алынатын төлемдер заңсыз деп бағалануы мүмкін, өйткені есептегіш құралдарды қою міндеттелген".

"Коммуналдық тұтыну бойынша енгізілген нормалар есептегіш құралдары жоқ тұтынушылардың шын мәнінде пайдаланып отырған көлемі, есептегіш құралдары бойынша көрсетілімдерден әлде қайда өзгеше. Мысалы, Өскеменде ыстық су бойынша бір адамға 3,2 текше метр су нормасы қойылған, ал есептегіш құралдары бойынша бір адамға айына 2 текше метрі су кетеді. Мұндай жағдайлар облыстың басқа қалаларында да кездеседі ", - деп атап өтті ол.

Дөңгелек үстел кезінде сарапшылар кеңесінің мүшесі, Қазақстандағы АЕS тобының техникалық директоры Виктор Недовесов жаңа кәсіпорын құрылысына байланысты Риддер қаласында электр қуатының тапшылығы болуы ықтимал деді. 2008 жылдың қаңтар айында онда қуат тапшылығы 7 пайызды құрады.

"Қуатты есептейтін құралдарды ауыстыру керек. 480 есептегіш орындарының 5-7 % 50 жылдай пайдаланылды. Пайдалану мерзімі өткендіктен 64-65 % көлеміндегі өлшемдер дұрыс жасалмайды. Бұл ақаулық 7% құрайды. Егер оны сағат киловатына ауыстырсақ , бұл 90 млн теңгеге жетеді ", -деді отырыста "ШҚ РЭК" АҚ президенті Лидия Филимонова.

"Өскемен жылу желісі"АҚ өкілдері атап өткеніндей,"жылу желілері 18,5% шығындалуда. Оның негізгі себебі- құрал жабдықтардың көнеруі. Жылу желісінің үштен бір бөлігі ескіріп, пайдалану мерзімі өткендіктен оны жаңарту керек ".