Үйлері өртенген 6 отбасы оралмандарды бейімдеу орталығынан қуылып жатыр

8 ай бойы оралмандардың бейімдеу орталығын пана еткен 6 отбасы осылайша бір сәтте далада қалды. Мекемеге жақында жаңа басшы тағайындалған екен. Директор келе сала әкімдіктің орналастырып кеткен адамдарын қууға кірісіпті.

- Какой ремонт я могу сделать, на свои деньги?

-  Вам дали деньги вот и работайте!

Басшы қанша әңгіртаяқ ойнатқанымен, бұлардың баратын жері жоқ. Өйткені, «жәрдемдесеміз» деп уәде еткен әкімдік көмек тұрмақ, бүгін де қарасын көрсете қоймады. Ал «жөндеу жұмыстары жүріп жатыр» деген үйдің сыйқы мынау.

- Да я лучше останусь, и не буду выходитьи все. Посмотрите, куда мы заедим? Мы же здесь замерзнем, окоченеем.

Десе де, күлге айналған шаңырағын алғаш болып қалыпқа келтірген Сатыбалдиевтар отбасы бұл. Алпысты алқымдаған қария 6 баласы, немерелерімен қоса амалдың жоғынан көшуге тура келгенін айтады. Енді кәріз құбыры жалғанбаған, кіреберісі де ретке келмеген жерде жүруге мәжбүр. 


Сүйінбай Сатыбалдиев, Ақтау қаласының тұрғыны:

- Амал жоқ енді, баратын жер жоқ қой. Сосын істедік қой. Несие алмасақ болмады, баламның атынан. Ешкім ештеңемен көмектеспеді. Есік, бәрін өзім сатып алдым.

Өртенген үйін жөндеу үшін көпбалалы отбасы 1 жарым млн. теңге несие де алған. Бірақ оның өзі жетпей тұрған көрінеді. Әлі жөндеуді қажет ететін шаруасы көп. Қарияның кебін киген тағы 5 көршісі болса, бейімдеу орталығында уақытша болса да қалдыра тұруды сұрайды. Бірақ бұған жаңа басшы келіскен жоқ.

Бисет Боранбай, Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығының директоры:

-  Оралмандар орталығы тек оралмандарға арналған. Ал бұл кісілердің үйі өртенген. Қазақстан азаматы, үйлері өртенген ақшаларын алды. 8 ай болды, үйлерін жасап шығу керек.

Осылай деп заңды тілге тиек еткен директор барлығын көшірмей тынбайтынын жеткізді. Қажет болса, күштеп те шығармақ.