«Үйлесім сабақтары» фильмі Трайбек кинофестивалінде «Үздік режиссерлік дебют» дипломын иеленді

қазылар алқасының арнайы «Үздік режиссерлік дебют» дипломын иеленінді.

Біздің жаңалықтарымызды қадағалаңыздар

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Үздік дебют» атағына 25 фильм үміткер болған. «Үйлесім сабақтарын» фестивальдің ашылу рәсімі алдында «Village Voice» басылымы міндетті түрде көруге ұсынған 10 фильмнің тізіміне қосқан болатын. Ал көрсетілімнен кейін «Free Europe» радиосы қазақстандық «Үйлесім сабақтары» картинасы сыншылардың ғана емес, күллі көрерменнің де жүрегін жаулап алғанын атап өтті. Бұған дейін ол «Берлиналий-2013» халықаралық кинофестивалінде Азиз Жамбакиевтің үздік операторлық жұмысы үшін «Күміс аю» және «Morgen Post» орталық газетінің жүлделерін жеңіп алған еді.