Үйқамақта отырған экс-министр Біртановтың қазіргі кейпі деген сурет желіге тарап кетті

Онда үйқамақта отырған Елжан Біртановтың шашы өсіп, сақал-мұрт жібергенін байқауға болады.

Дегенмен бұл сурет шынайы ма, әлде фотошоп па ол жағы белгісіз, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Сурет инстаграм желісінің eto_astana_detka парақшасында жарияланды.

Еске салсақ, бұрынғы денсаулық министрі Біртанов өткен жылдың қараша айынан бері үй қамауында отыр. Ол бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген.


Бұған дейін оның адвокаты Дмитрий Куряченко Біртановтың үйқамақта отыру мерзмі бірнеше мәрте ұзартылғанын және экс-шенеунікке  шаштаразбен кездесуге де рұқсат берілмегенін хабарлаған болатын.