"Ұйқым келмейді" әнінің орындаушысының төрт жыл бұрынғы әні де жұртты күлкіге қарқ қылды

Алина Шакиеваның "Ұйқым келмейді" әні хитке айнала ма? Орындаушының төрт жыл бұрын шыққан әні қанша қаралым жинаған? Талқыға түсіп жатқан әндерге Caravan.kz медиа порталы шолу жасап көрді. 

Жас та, кәрі де трендке айналдырып жатқан ән әлеуметтік желіде өте көп тарап кетті. 

Алина Шакиеваның төрт жыл бұрын шыққан бейнебаянын іздеп, көріп жатқандар қаншама. 

Халықтың айтуы бойынша, әншінің төрт жыл бұрын шыққан "Мен аялаймын" әні бұл әннен "қалысып" тұрған жоқ. 

Әзілкеш Қанат Әлжаппаров "Ұйқым келмейді" әні уже тойларда айтылып жатыр", деп жазды. 

Әнші Жазира Байырбекова "Бұл ән адамдардың көңіл-күйін көтеру үшін шығарған сияқты", дейді сыпайылап. Жазира ханым "ұйықтамау кепек" деп әнге билеп те жүрген видеосын салды. 

"Не болса да, хит әндердің авторы екен", Мағынасы жақсы екен, итім естіп жылап жіберді", "Алина Әлем чемпионаты сияқты. Төрт жылда бір клип шығарады", "Сенімділігі өзіне потолок, молодец", деп жазды оқырмандар.