Ұйқысыздық денсаулыққа пайдалы екен

Ғалымдар ұйқысыздыққа арналған 66 тәуелсіз зерттеуді саралаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ғылыми еңбектер "ұйқының депривациясы", "депрессия" деген тірек сөздер жиілігі бойынша таңдалған. Кейін олар мынадай шешімге келді: Жартылай (20-21 сағат) және толық (36 сағатқа дейін) ұйқысыздық науқас адамдардың 50%-дағы депрессия белгілерін жеңілдетуге көмектескен.

Бір қызығы, олардың психикалық саулығының қалпына келуі алғашқы ұйқысыз тәуліктен кейін-ақ байқалған. Осылайша, америкалық ғалымдар депрессияны ұйқысыздықпен емдеу әдісіне кірісіп кетті.