Ұйқысыздықты жеңуге болады

Оның әсері ұйықтатын дәріден кем түспейді.

Күріш тез әрі түні бойы тыныш ұйықтауға көмектеседі.

Ғалымдардың зерттеуіне 2 мың ерікті адам қатысқан. Оларды үш топқа бөледі. Бірінші топқа түнге қарай нан берсе, келесі топқа макарон, ал үшіншісіне күріш берген.
Алғашқы екі тағам  адамдарға соншалықты әсер етпеді, ал үшінші топтағы күріш жеген адамдарда ұйқысыздық проблемасы шешілді.

Дәрігерлердің пайымынша, күріштің гликемиялық индексі жоғары  болғандықтан қатты ұйықтауға әсер ететін көрінеді.