Үйректердің өзенге оралуы тұрғындарды таңғалдырды

Ертіс пен Үлбі өзендері қосылған жерде пайда болған бұл құстардың тобыры жергілікті тұрғындарды таңғалдыруда. Көбі күнделікті осында келіп, жұрттың қолынан жем алып жейді екен. Үйректердің Ертісте қыстап қалғаны аяздың жылдағыдай қатты болмауынан дейді орнитологтар. Үйірдегілердің саны он мыңға жуықтайды. Арасында Алтай аумағында сирек кездесетін барылдауық-үйректер де бар.


Борис Щербаков, орнитолог:

-Барылдауық үйректердің бұлай адамдармен жақындасуы да тосын жәйт. Жабайы болғандықтан елді-мекендерге жақын жүрмейтін құстар бұлар. Сібір үйректерінің адам қолынан тамақтанғанын өз басым бірінші рет көріп тұрмын.