Бұл туралы Сaravan.kz медиа-порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Wuhan Wuchang Hospital директоры Лю Чжимин таңғы 10:30-да көз жұмды, деп жазды New York Times.
Осы айдың басында миллиондаған қытайлық тұрғын коронавирус туралы ерте ескерту жасаған дәрігер Ли Вэньлянның қазасына көңіл айтқан болатын.
Он мыңдаған медицина қызметкері Хубэй провинциясының орталығы Уханьдағы теңіз өнімдерін сататын базарда пайда болған коронавирустың таралып кетпеуі үшін күресті.
Қытайлық интернетте Ли секілді, дүйсенбі күні кешке Людің жағдайына қатысты да түсініспеушілік туындады.