"Үкілі бала" атанған қызылордалық емші Ерболсын үйленді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлады.

Қазір Ақтөбеде тұратын Ерболсын бұған дейін де бірнеше мәрте үйленетінін мәлімдеген болатын. Ақыры сол мезет келіп жетті. Қамшымен ем жүргізіп танылған "Үкілі бала"  отау құрды.

"Бәріне сәлем, ең алдымен жарық нұрды көру сыйына бөлегені үшін Аллама, мені тәрбиелеп өсірген және маған бар жақсылықты берген ата-анама алғыс айтамын! Міне енді ересек өмірге алғашқы қадам жасайтын кез келді. Бізді осы таңдауда қолдау көрсеткені үшін отбасыма және барлық достарыма алғыс айтамын.

Мадикош, Алла біздің өмір жолымыз ұзақ та бақытты болады, әумин!",- деп жазды ол желідегі парақшасында.


Көпшілік жастарға бақыт тіледі:  "Шаңырақтарын биік болсын", "Ұрпағыңмен мың жаса", "Өте тамаша жұп","Тіл көзден сақтасын", "Ұзақ ғымыр, бақытты отбасы болыңыздар", деген сияқты жүздеген пікір қалдырды.