Қайрат Келімбетовтің айтуынша, Республикалық бюджеттің кіріс бөлігі бұрын ұсынылғандай 704,3 млрд. емес 710,2 млрд. теңге болып бекітілді. Ал бюджеттің шығыс бөлігі бұрынғы жобаланған 787 млрд-тың орнына 793 миллиард теңгені құрайтын болады. Соған қарамастан Республикалық бюджеттің дефицит көлемі 82,8 млрд теңге қалпында өзгеріссіз қалады,- деді Қ.Келімбетов . Ол сондай-ақ, республикалық бюджеттің шығыс бөлігінен 19,4 млрд. теңге зейнетақы бағдарламасын, ал 45,7 млрд. теңге даму институттарын құруға жұмсалатынын атап көрсетті.