Үкімет 2004-жылғы республикалық бюджет жобасын бекітті

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 2004-жылғы республикалық бюджеттің түсімі 862,2 млрд. теңгені, бюджет шығыны 954,8 млрд. теңгені, республикалық бюджеттің дефициті 92,7 млрд. теңгені , немесе Ішкі Жалпы Өнімнің 1,9 процентін құрайды деп жоспарланды.

2004-жылы Ішкі Жалпы Өнім 4,877 трлн. теңге көлемінде болжанып отыр. Бұл 2003-жылғы жоспардан 500 млрд. теңгеге немесе 7 процент артық. 2004-жылғы тұтыным құнының индексі 5,4 процент деңгейінде, ал теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 153,3 теңгені құрамақ .