"Аталмыш құжат мемлекет басшысының жолдауында көрсетілген сыртқы және ішкі саясаттың маңызды 30 бағытына негізделген. Әрбір мемлекеттік органға іс-шараның үлгісі мен аяқтау мерізімі көрсетіліп, нақты іс-әрекеттер белгіленген",- деп хабарлады отырыста сөз алған вице-премьер - экономика және бюджетті жоспарлау министрі Аслан Мусин.
Сонымен қатар, ол әзірленген жалпыұлттық жоспар "тұрақты және орта мерізімді сипатта жүзеге асырылатын 2005-2006 жылғы жалпыұлттық жоспардағы іс-шаралармен сабақтас" екендігін түсіндіріп өтті.
"Мен мемлекеттік органдардың басшылары ойдағыдай жүзеге асыру нәтижесінде Қазақстанды аймақтық және ғаламдық экономикада нақты бәсекелес ойыншыға айналдыруға, ал ең бастысы - Қазақстан қоғамының әл-ауқатын жаңа сапа деңгейіне көтеруге мүмкіндік беретін мемлекет басшысының тапсырмасына үлкен жауапкершілікпен қарайды, деп ойлаймын",- деп атап көрсетті вице-премьер.
Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов өз кезегінде үкіметті президенттің жалпыұлттық жоспарды мақұлдау туралы жарлығынан кейін үкімет бағдарламасы мен жалпыұлттық жоспарды жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу күтіп тұр, деп атап өтті.
Премьер-министрдің баспасөз қызметінің таратқан баспасөз баянында атап көрсетілгендей, жоспар негізгі бес блоктан тұрады. Атап айтқанда, "Қазақстанның қазіргі бәсекелестік артықшылықтарын пайдалану және жаңа артықшылықтарды айқындай қалыптастыру арқылы әлемдік экономикаға ойдағыдай кірігуі", "Қазақстан экономикасын әртараптандыру, инфрақұрылымын дамыту, жоғарғы технологияның негізінде одан әрі өндірістендіру арқылы өсім мен тұрақтылықты басқару".
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті