Үкімет 2008 жылдың бірінші тоқсанында инфляцияны тежеу және экономикалық өсім бойынша бұдан бұрын белгілеген параметрлерге қол жеткізді - Мәсімов

"Менің пікірімше, әлемдік қаржылық саласының ауыр жағдайына қарамастан, біз бірінші тоқсанда инфляциялық қысымдылық бойынша белгілеген параметрлермен жұмыс істеудеміз ", - деді К. Мәсімов.

"Егер біз бұл үрдісті жалғастыратын болсақ, онда мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жолдауындағы тапсырмаларды орындай аламыз", - деп толықтырды ол.

"Сондықтан министрліктер мен ведомстволар, жергілікті атқарушы органдардың басшылары даму қарқынын бәсеңдетпей, әлеуметтік-экономикалық жағдайды бақылауда ұстау керек. Біз апта сайын болып жатқан жағдайды бақылау тәжірибесін жалғастырамыз, сол арқылы тиісті шараларды қолға алатын боламыз ", - деп қорытындылады үкімет басшысы.