"Энергетика және минералды ресурстар министрлігі өткен жылы берген өз болжамдарын нақтылады", - деді Б. Сұлтанов.
"Біз былтыр 70 млн тонна деген дөңгелек санды алғанбыз. Биыл жоспарлы жөндеу жұмыстары мен 4 айдағы өндіру көлемін ескере отырып, олар 67,6 млн тоннаға дейін нақтылады", - деді министр.
Оның айтуынша, "мұнай өндірушілер өнім бағасы өсуіне байланысты оны тез өндіріп, экспортқа шығарып жіберуге құлықты". "Бірақ, тіпті экспорттық кедендік баж салығы енгізілгенінен қарамастан, халықаралық нарықта бұл аса тиімді операция", - деді Б. Сұлтанов.