"Жалпы алғанда біз бүгін "Нұр Отан" партиясының парламенттік фракциясының білім беру, денсаулық сақтау және ауыз су қамтамасыздығы нысандарын салуға қосымша қаржы бөлу жөніндегі шешімін қолдадық. Ол үшін шашамен 16 млрд. теңгені қайта бөлу керек", -деді Б Сұлтанов.
Сонымен бірге министр ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшерін 10 515 теңгеге дейін өсіруге байланысты базалық әлеуметтік төлемдерді арттыруға қосымша 8,7 млрд. теңге қажет екенін еске сала келе, ол қаржыны "қайта бөлу арқылы" табу қарастырылғанын жеткізді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті