Үкімет 2008 жылы инфляцияны белгіленген шамада ұстап тұра аламыз деп тағы да сендіруде

"2008 жылы үкімет инфляцияны қажетті шамада ұстап тұруға басымдық береді", -деді Кәрім Мәсімов.

"2008 жылға арналған макроэкономикалық саясат бойынша біздің мақсаттарымыз бен міндеттеріміз бірінші кезекте инфляцияны ауыздықтауға саяды. 2008 жылғы біздің мақсат - инфляцияны бір орынды саннан асырмау. Біздің - Ұлттық банк пен үкіметтің - саясатымыз инфляцияны нысанаға алу. Инфляцияның санына қарап біз басқа барлық параметрлерді есептейтін боламыз", - деді премьер.

"Біз инфляцияны ұстап тұруды назар төріне алатын боламыз. Өйткені бұл аса маңызды мәселе. Тіптен экономикалық өсім қарқынына әсер еткен жағдайда да", -деді ол.

Осы орайда ол Ұлттық банк пен үкіметте "монетарлық және ақша-қарыз саясатына қатысты аса айқын жоспар бар, оған біз бұлжытпай бағынатын боламыз",- деді.