Үкімет 2008 жылы инфляцияның өсіміне жол бермеу ниетіне тағы да сендіреді

"2008 жылғы басты мақсат - инфляциямен күрес", - деп мәлімдеді премьер-министр.

Ол "тариф белгілеу, 2008 жылы тарифтердің негізсіз өсуі, азық-түлік өнімдері бағасының негізсіз өсімі мәселелеріне аса қатаң бақылау қойылатынын" атап өтті.

"Бұл құбылыспен біз нарықтық тәсілдермен, соның ішінде интервенцияның есебінен күресетін боламыз", -деді Кәрім Мәсімов.

Сонымен бірге премьер-министр, "2008 жыл біз үшін тұрақтылық жылы болуға тиіс" деген пікірде. "Экономиканың сәл-пәл "салқындауы" біз үшін пайда болмақ", -деп пайымдайды ол.