Үкімет 2009 жылдан бастап мұнай экспортының баж салығын алу тәртібін өзгертуді жоспарлауда-Қаржы министрі

"Біздің елде баж салығы кейбір шектеулермен енгізілген. Яғни, бұл салық келісім шарттарында тұрақты салық режимі белгіленгендерге қолданылмайды. Келесі жылдан бастап жаңа Салық кодексіне байланысты бұл жеңілдіктер алып тасталады", -деп мәлімдеді Б. Жәмішев, депутаттардың сауалдарына жауап бере отырып.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, 8 сәуірде өткен үкіметтің отырысында шикі мұнайға баж салығын енгізу жөнінде шешім қабылданды.

Әлемдік мұнайдың бір тонна бағасы $714 жеткенде, баж салығының көлемі $109,91 құрайды. Бұл 2008 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша белгіленген баға.

Индустрия және сауда министрі Владимир Школьник отырыста түсіндіргеніндей, "бұл жыл аяғына дейін бюджетке түсетін түсімдер мөлшерін $1 млрд ұлғайтады".

"Қаулы бойынша шикі мұнайдың кедендік экспорттық баж салығының ставкасы ренталық салық көлеміне төмендетілуі қарастырылған. Сөйтіп, ренталық ставкамен экспортталатын бір тонна шикі мұнайға салынатын кедендік экспорттық баж салығының мөлшері $27,4 құрайды ", - деді В. Школьник.

Ол атап өткеніндей, " жер қойнауын пайдаланушылары сыртқа шығаратын шикі мұнайға баж салығы салынбайды, өйткені олардың келесім шарттарында тұрақты салық режімі қарастырылған ". "Мұндай шарттардың тізімі қазір анықталып жатыр", -деп анықтап берді ол.

ИСМ басшысы айтқанындай, енгізілетін кедендік баж салығы салық міндеттерін ғана орындап қоймай, ішкі нарыққа мұнай тасымалын тұрақтандырады". " Қаулы жобасында экспорттық баж салығы салынатын қосымша кокс, мұнай битумы өнімдерінің тізімі қарастырылған. Бұл тауарлардың бір тоннасына салынатын баж салығының мөлшері $82,8 құрайды",-деп түсіндірді министр.