Үкімет 2014 жылға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек бағаның шекті мәнін бекітеді

Ұлттық валюта бағамының өзгеруі жағдайында Үкімет облыс әкімдерімен бірлесе халықтың әлеуметтік ахуалына теңге бағамын өзгеруінің ықпалын төмендету мен отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша шараларды қабылдап жатқандығына тоқталған С. Ахметов: «Азық-түлік тауарларына бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында Үкімет тарапынан 2014 жылға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек бағаның шекті мәні бекітіледі», - деді.

Осы орайда Премьер-Министр әкімдерге өңірлік тұрақтандыру қорларының мүмкіндігін барынша пайдалану тапсырылғанын атап өтті.