Үкімет ағымдағы бюджет шығыстарын 600 млрд теңгеге ұлғайтады

Министрдің айтуынша, бюджет шығыстарының өсімі Ұлттық қордан берілетін 240 млрд. теңге шамасындағы нысаналы трансферт пен 360 млрд. теңгенің кіріс көздерімен теңгерімделеді.

«Жалпы кірістер көзі өткен жылдан жинақталған 179 млрд. теңге шаамсындағы кассалық қалдықтарды, трансферттерді, сонымен бірге шетелдік валютаға қатысты бағамды қайта есептеуден қалыптасатын болады. Сонымен қатар, Ұлттық Қордан алынатын қаражат көздері ұлғаймайды және белгіленген шектен аспайды», -деді Б. Сұлтанов.

Оның айтуынша, бюджеттің шығыс бөлігіндегі өзгерістер негізінен әлеуметтік бағыттағы өзгерістерді қамтиды. Бұның ішінде Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің әлеуметтік салаға арналған шығыстары бекітілген жоспардан 124 млрд. теңгеге ұлғаяды және 2 трлн. 898 млрд. теңгені құрайтын болады.