"2008 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджетте мемлекет тарапынан үлес ретінде 6 серпінді жобаны қаржыландыруға 64,6 млрд теңге қарастырылған.Мемлекет тарапынан қаржыландыруды талап ететін жобалар бойынша 700 млрд астам теңге әкімшілердің ұсынысымен жобасы жасаллып жатқан үш жылдық бюджетке қамтылды", - деді Б. Сұлтанов.
Сонымен бірге, Қазақстан даму банкі 8 серпінді жоба бойынша несиелік желі ашса, Еуразиялық даму банкі бір серпінді жоба бойынша несиелік желі ашты, үш жобаға $365 млн көлемінде мемлекеттік кепілдік берілді.
"Жалпы құны $13,1 млрд болатын 11 жоба ұлттық компаниялардың қатысуымен жүзеге асырылуда".
Жалпы 26 жоба нақты жүзеге асырылу үстінде. Биыл жалпы құны $1,4 млрд асатын 6 жобаны пайдалануға беру, ал 2009 жылы - жалпы құны $1,8 млрд құрайтын 4 жобаны пайдалануға беру жоспарланған.