"Біз дүниежүзілік экономикадағы өзгерістерді жіті бақылап отырмыз және қазіргі таңда болуы мүмкін ауытқуларға дайынбыз деп айта аламыз", - деді Ө. Шүкеев. "Жалпы алғанда, үкіметтің дағдарысқа қарсы қолданған шаралары әлемдік нарықтағы атышулы өзгерістерден кейінгі ең қауіпті кезеңнен аман-есен өтуге мүмкіндік берді", - деп атап көрсетті ол.
Атап айтқанда, Ө. Шүкеев азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін үкімет шаралар кешенін қабылдағанын айтты. Ол нан бағасының тұрақтылығын және астық пен ұнның жеткілікті көлемінің болуын қамтамасыз ету үшін өңірлерде тұрақтандыру қорлары ұйымдастырылған. Ол қорларда қазіргі таңда 500 мың тонна ұн мен астық жиналған. Сондай-ақ, астық бағасы өте жоғары деңгейде ауытқыған жағдайда Қазақстан нарығында тауар интервенциясын іске асыруға арналған 400 мың тонналық интервенциялық пул тағы бар. Астық экспортына тыйым салынған. Бұл да жаңа астық түсіміне дейін ішкі қажеттілікті жеткілікті көлемде қамтамасыз етеді.