Үкімет антимонополиялық заңнаманы бұзу оқиғаларын тексеру ережелерін бекітті

"Үкімет бекіткен ережелер "Бәсекелестік туралы және монополиялық іс-қызметті шектеу туралы" заңға сәйкес жасалған. Олар заңның кейбір баптарында қарастырылған заң бұзушылықтарды тексеру тәртіптерін айқындайды",- делінген үкіметтің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ережеге сәйкес, аталмыш тәртіптерге Қазақстан Республикасының кәсіпкерлікпен шұғылданатын заңды және жеке тұлғалары, сондай-ақ, шетелдік заңды тұлғалар бағынады. Тексеру субьектілерінің арасында мемлекеттік мекемелер де бар.

Баспасөз қызметінің хабарламасында көрсетілгеніндей, жаңа құжатта заңнаманы бұзуға қатысты анықтамалық мәліметтерден бастап қосымша тексеруді тағайындауға дейінгі антимонополиялық заңнаманы бұзу оқиғаларын тексеру тәртіптері дәйектелген.

Тәртіптерге сәйкес, тексеру қорытындысы бойынша монополияға қарсы күрес мекемесі іс материалдарын қылмыстық іс қозғау үшін құқық қорғау органдарына өткеруге құқылы.

Қаулы ресми түрде жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті