Үкімет ақ қанттың импортына квота енгізу мүмкіндігін қарастыруда

"Индустрия және сауда министрлігі ақ қанттың импортына квота енгізу жөніндегі қаулының жобасына қол қойды. Жоба үкіметте қаралып жатыр", -деді А. Құсайынова.

Оның айтуынша, бұл жобада "шетелдерден ақ қант әкелу жөніндегі қазіргі бар келісім-шарттарына байланысты белгілі бір квота белгілеу" қарастырылған.

"Квота белгілі бір қысқа мерзімге енгізіледі. Жобада шектеу 1 қазанға дейін созылады деп қатастырылған", - деді департамент директоры. Оның айтуынша, қаулы ресми түрде жарияланғаннан 10 күннен кейін күшіне енеді.

Бұған қоса, А. Құсайынованың айтуынша, Ауылшаруашылығы министрлігі Қазақстанның қант шығарушы компанияларымен меморандумға қол қойып, онда нарықтағы ахуалды тұрақтандыруға бірқатар шараларды қарастырған.

Атап айтсақ, департамент басшысының айтуынша, қант өндірушілер "ішкі нарықты отандық өндірістің есебінен өніммен қамтамасыз етуге кепілдік беріп, ауылшаруашылығының тауар өндірушілеріне қант қызылшасын егу мен жинауға қолдау көрсетуге міндеттеме жүктейді". Бұған қоса, меморандум бойынша, компаниялар уәкілетті органның сұрауына сай ақ қант өндірулің өзіндік құнына қатысты барлық калькуляциялық есепті беруге міндеттеме алды.

"Меморандумның бір бөлімі елдің ішкі нарығында ақ қанттың бағасын тұрақтандыруға арналады. Бұл дегеніңіз, қант бағасы өссе де, бұған импорттық квотаның енгізілуі әсер етпейді деген сөз", - деп мәлімдеді А. Құсайынова.