Үкімет Ақмола облысы мен Алматы маңында серіктес қалаларды сала бастау туралы шешім қабылдады

"Үкімет өткен аптада серіктес қалаларды сала бастау жөнінде шешім қабылдады, бұл еліміздегі ірі қалалардағы ауыртпалықты азайтуға мүмкіндік береді", - деді "Мегаполис" апталығына берген сұхбатында еліміздің индустрия және сауда министрі Ғалым Оразбақов.

"Әзірге біз Астанаға серіктес қала болатын Ақмола облысының Қосшы ауылына инфрақұрылымды тартуға 6,5 млрд теңге, Алматының маңында, Қапшағайға дейінгі тас жолдың бойында бой көтеретін төррт қала үшін 13,5 млрд теңге бөліп отырмыз", - деді министр.

Оның пікірінше, серіктес қалаларды салу "халықтың басым бөлігін баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді".


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті