Үкімет «Ақпараттық Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасының жобасын қабылдады

Аталған құжатты әзірлеу мәселесі бойынша сөз сөйлеген ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбайдың атап өтуінше, отандық ақпараттық-мәдени кеңістіктің дамуы Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында айтылғандай - қоғамның әлеуметтік жаңғыртылуының бір құрамы болып табылады.

«Осыған орай, «Ақпараттық Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасының жобасымен осы мәселеге арналған және оның ішінде қызметтің 4 маңызды бағдары көрсетілген тарау қарастырылған»,-деді ол.

Министрдің атап өтуінше, олар: мәдени саладағы ақпараттық-желілік технологиялардың дамуы, отандық бұқаралық ақпарат құралдарының жаңғыруы, отандық ақпараттық контентті өндіруге ынталандыру және мемлекеттің қызметін ақпараттық сүйемелдеу.