Үкімет автокөліктерді утилизациялауға ынталандыратын бағдарлама әзірлеуді қолға алмақ

«Көліктерді экологиялық таза отынға ауыстыру мәселесіне келсек, еліміздегі автокөліктердің 80 пайызының пайдаланылғанына 10 жылдан асқан. Ірі қалаларда көліктің 70 пайызы жеке меншік болып табылады. Сондықтан бұл бағытта көп жұмыс атқарылуы керек», - деді ол үкіметтің сейсенбідегі отырысында.

«Сапасы жоғары жанармай пайдаланып, оның сапасын бақылау қажет. Сонымен қатар, елдегі автопаркті қысқа мерзімде жаңартуға ықпал ету үшін көліктерді утилизациялау жөніндегі ынталандыру бағдарламаларын әзірлеу қажет шығар», - деп қосты Б.Сағынтаев.