Үкімет азаматтардың қарызын кешіретін болды

Бұл туралы "Адырна" порталы хабарлайды.

“Салықтық рақымшылық аясында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілердің 2018 жылдың 1-ші қазанында көрсетілген берешектері өтелген жағдайда, олардың өсімақылары мен айыпұлдары кешіріледі.

Жалпы салықтық рақымшылыққа ШОК-тің 90 мың субъектісі қатысуы мүмкін. Олардың 2018 жылдың 1-ші қазанындағы негізгі қарызы 210 млд теңгені құраған. Осы қарыз сомасы төленген жағдайда, қаржы министрлігі 130 млрд теңгенің өсімақы мен айыппұлын кешіреді”, – деп мәлімдеді министр.

Қаржы рақымшылығы тек кәсіпкерлерге емес, сондай-ақ қарапайым қазақстандықтарға да қатысты.


Бүгінде 1 млн 387 мың азаматтың 21 млрд теңге қарызы бар. Оның 6,6 млрд теңгесі өсімақы.

“Азаматтардың негізгі қарыздары көлік, мүлік және жер салықтарынан құралған. 2019 жылдың 1-ші қаңтарында көрсетілген негізгі қарызды өтеген жағдайда, үстінен қосылған 6,6 млрд өсіппұл кешірілетін болады”, – деді Смайылов.