Бұл туралы бүгін Мәжілістің жалпы отырысынан соң журналистерге берген сұхбатында Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлім етті.
«Қазір біз жағдайдың не болып жатқанын бақылап отырмыз. Бүгінгі сатыда бюджетті қайта қарауды әлі қолға алмаймыз. Мұнайдың орташа жылдық бағасы - барреліне 80 доллар. Ал келесі жылы барлығы жыл басындағы динамикаға қарай болады», - деді Ерболат Досаев. Сонымен қатар, министр журналистер сұрағына жауап бере келе, Қазақстан Үкіметінің ресейлік әріптестерімен Ресейдегі ахуалға қатысты консультациялар жүргізбейтінін де мәлімдеді. «Ондай консультациялар болмайды, өйткені біздің олардан бөлек, өзіміздің ұстанған жеке ақша-кредиттік саясатымыз бар», - деді ол.