Үкімет азық-түлік бағасын тежеуге көңіл бөлу керек -премьер

"Біз үшін негізгі мәселе - көктем мен жазда инфляцияны тежеу болып отыр. Оны біз көкөніс, жеміс- жидек және басқа да азық-түліктердің бағасын төмендету арқылы жасауымызға болады. Бұл жұмысқа ерекше назар аудару керек ", - деп мәлімдеді К. Мәсімов.

"Әзірге біз осы жылы белгіленген 10% инфляция дәлізінде келе жатырмыз. Бұл бағыттағы жұмыстың шылбырын босатуға болмайды ", - деп атап өтті ол.

Премьер-министр облыс әкімдері мен әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы жетекшілеріне (ӘКК) "көкөніс пен жеміс-жидек саласындағы" жұмысты жандандырып, "азық-түлік бағаларының тұрақты болуын қолдау" саласындағы "жағдайды бақылауда ұстауды" тапсырды.

"Қазір біз мемлекет басшысына және еліміздің халқына инфляцияны тежеу жөнінде берген уәдемізді орындауымыз үшін азық-түлік тобымен жұмыс істеуіміз керек ", - деп атап өтті К. Мәсімов.