"Мемлекеттің шығындары қысқартылуға тиіс. Қазір ол жалпы көлемнің 25,3%-ін құрайды. Бұл - Қазақстан секілді құйтақандай ел үшін төтенше жоғары көрсеткіш",- деді ол.
"Кейінгі үш жылда біз басқарушы қызметкерлерге арнап бөлінетін шығын көлемін 3 проценттен де өсіріп жібердік. Осыған байланысты экономика министрлігіне осынау шығындар көлемін мейлінше қысқарту міндеті жүктеледі",- деді Д.Ахметов. Оның айтуынша, "мемлекеттік аппаратты ұстап тұруға арналған шығын көлемі әрбір министрліктің игере алмаған қаржысының көлеміне тең мөлшерде азайтылып отыратын болады".
"Биыл шығын көлемін қазіргі 25,3%-тен жалпы шығын көлемінің 23%-іне дейін азайту міндеті алға қойылды және ол міндетті түрде орындалады",- деді ол. "Мен бұл қадамды мәселенің егжей-тегжейіне үңіліп жатпай-ақ бірден жасайтын боламын. Өйткені, егер мен мәселенің тереңіне үңілетін болсам, бұл бір жағынан көп уақыт алумен бірге екінші жағынан сіздердің күнделікті күйбеңдеріңізге терең бойлауға мәжбүр етіп, сіздерге көңілшектік танытуға тура келетін болады",- деді ол министрлерге.