Үкімет басшысы 2006-2007-жылдарға арналған бюджетте әскери қызметкерлердің алдындағы берешекті өтеуге қаржы қарастыруды тапсырды

Премьер-Министр осы мәселе жөнінде күш құрылымдары министрліктері мен ведомстволары басшыларының есептерін тыңдады. Баян етілген ақпаратқа түсінік бере келе, Даниал Ахметов үкімет төлем бойынша қарыздарды мемлекет міндеттемесі санайтынын атап өтіп, тиісті мемлекеттік органдарға оларды 2006-2007 жылдарға арналған республикалық бюджет есебінен толық өтеу туралы тапсырма берді.