Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жеделхатта былай делінген: "Қазақстан Республикасының үкіметі және жеке өз атымнан апат салдарынан зардап шеккендердің бәріне, қайтыс болған шахтерлердің отбасылары мен туыстарына қатты қайғырып көңіл айтамын".
"Өкінішке орай, ХХI ғасырда да әлемнің барлық шахтасында көмір өндіру бұрынғы кездегідей, тек ауыр да құрметті ғана емес, сонымен бірге өте қауіпті еңбек ретінде сақталып отыр. Мұндай орны толмас қасіретті сезіну бізді қайғылы күйге душар етеді. Біз ең қымбатты жандарын - өз балаларын, ерлері мен әкелерін жоғалтқан шахтерлер отбасының қайғысын бөлісеміз. Еліміз сіздердің қайғыларыңызға ортақ",- делінген жеделхат мәтінінде.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бүгін таңертең 9 сағат 30 минутта "Арселор Миттал Теміртау" АҚ-ның көмір департаментінің "Абай" шахтасында 32К-10С учаскесінде метан жарылды. 15 сағаттағы жағдаймен 7 адамның қаза тапқаны және 9 адамның жараланғаны жөнінде ақпарат болды.