Үкімет басшысы әдебиет, өнер және сәулет саласындағы 2004 жылғы мемлекеттік сыйлықтарды табыс етті

Әдебиет саласындағы мемлекеттік сыйлық "Парасат майданы" повесі үшін Төлен Әбдікке берілді. "Музыка, театр және кино" номинациясы бойынша мемлекеттік сыйлықтар 1999-2003-жылдар аралығындағы концерттік бағдарламалары үшін Роза Рымбаева мен Алтынбаек Қоразбаевқа, сондай-ақ, қазақ фольклорын зерттеу материалдарын қамтыған монографиясы үшін Ақселеу Сейдімбекке табыс етілді. Көркемсурет және сәулет саласындағы мемлекеттік сыйлық 1999-2003-жылдар аралығындағы шығармашылық туындылары үшін суретші Ерболат Төлепбайға берілді.