Кездесу барысында үкімет басшысы Әлемдік банктің Қазақстан экономикасын дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалады. "Банк Қазақстаннан мейірбан көмегін аяған жоқ. Бұл тек қаржылық көмекпен ғана шектелмейді. Ең бастысы, елімізге деген қарым-қатынас дұрыс әрі қолайлы болды",- деді Д.Ахметов. Сонымен бірге ол "дамудағы оңды ағымдарға" Қазақстанды үлгі етуге болады деп атап өтті.
"Осыдан 10 жыл бұрын республика алдында тұрған міндеттер қазіргіден мүлдем өзгеше",- деді үкімет басшысы. "Қазір бізді еліміз үшін бәсекелік артықшылықтарды іздестіруге қатысты мәселелер қызықтырады. Дәл қазіргі кезеңде жеткілікті дәрежеде тиімділігіне қарамастан, еліміздің қаржы жүйесін одан әрі жаңалау мәселесі де бізді қызықтырмай тұрмайтыны сөзсіз",- деді Д.Ахметов.
Үкімет басшысы сонымен бірге "Қазақстан бірінші кезекте банкпен арадағы экономикалық ынтымақтастық бағдарламасына айрықша маңыз береді", соның нәтижесінде түрлі салалардағы зерттеулерге байланысты бірқатар күрделі келісім-шарттарына қол қойылған, деп атап көрсетті.